Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


17.02.2022ж. «Шамшырақ» онлайн алаңы аясында «Мағжан Жұмабайұлы. Ұлттық ...

Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасының «Білім беруді дамыту ...

14.02.2022ж. күні «Қазақ тілі мен әдебиет әлемі: Тәуелсіздік жетістіктері мен жаңа ...

2022 жылдың 10 ақпан күні .Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...

2022 жылдың 9 ақпан күні Маңғыстау облысының білім басқармасының білім берудің ...

04.02.2022ж. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «PISA-2022» тапсырмаларын ...

04.02.2022ж күні облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының №13 нқ бұйрығы ...

«Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің маңызы» тақырыбында мектепке ...

География пәні мұғалімдеріне «PISA-2022» тапсырмаларын орындаудың оңтайлы ...

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне 03.02.2022 ж. "PISA тапсырмаларын орындау ...