Облыстық "Үздік дефектолог" байқауы өтті
Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін мектептердің дефектологтеріне «Үздік дефектолог» тақырыбында облыстық байқауы сырттай өткізілді.
Мақсаты: шығармашылықпен жұмыс жасайтын, кәсіптік біліктілігін көрсете алатын дефектологтерді анықтау, қолдау және ынталандыру, дефектолог мамандығының дәрежесін көтеру.
-дефектологтердің кәсіби қарым-қатынасын ұйымдастыру және шығармашылық идеялармен, тәжірибемен алмасу;
-дефектологтердің кәсіби шеберліктерін дамыту;
-білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибені анықтау мен тарату және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық оңалту;
-инновациялық педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктерін және оқушылармен жұмыстың жаңа формаларын анықтау;
-жалпы білім беру ұйымдарының арнайы педагогтерінің әдістемелік-дидактикалық құралдарын, оқу пәндерінің бейімделген бағдарламаларын құру бойынша үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау
Байқауға аудан, қала бойынша 6 дефектолог қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша педагог-дефектологтер төмендегідей жүлделі орындармен марапатталды:
І орын – Айгазыева Мария Турсунбаевна, Бейнеу ауданы, Бейнеу жалпы білім беретін мектебі;
ІІ орын –Сүлеймен Назерке Шоханқызы, Мұнайлы ауданы, №16 жалпы білім беретін мектебі;
ІІІ орын – Көшкінова Мадина Мұратбекқызы, Маңғыстау ауданы, А. Меңдалыұлы ат. жалпы білім беретін мектебі;
“Ізденімпаз педагог-дефектолог” номинациясы – Амалова Ақтолқын Оспанқызы,
Түпқараған ауданы, Ғ. Айдаров ат. №1 мектеп-лицейі
“Креативті педагог-дефектолог” номинациясы – Оңдасынова Жансая Оңдасынқызы, Ақтау қаласы, И. Сүйеубаев ат. №8 жалпы білім беретін мектебі;
”Шығармашыл педагог-дефектолог” номинациясы – Атаниязова Ақтілек Қорабайқызы, Жаңаөзен қаласы, С. Бегендікұлы ат. жалпы білім беретін мектебі;
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
27.01.2021ж күні сағ 16.00-де облыстық математика пәні мұғалімдерінің қауымдастық ...
Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні Маңғыстау облысының математика пәні мұғалімдері ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № ...
2019 жылы білім басқармасының бұйрығымен үздік педагогтердің озық тәжірибелерін ...
...
- Республикалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының облыстық кезеңі – 2021 ...
Балаларға қосымша білім беру - үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты ...
Бүгін ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында төменде көрсетілген ...