ТАМЫЗ КЕҢЕСІ — ЖАҢА ФОРМАТТА
Бүгін, 24 тамыз күні білім қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты республикалық тамыз кеңесі басталды.
Кеңес аясында «Білім мазмұнын дамыту» тақырыбында өңірде панельдік секциялық отырыстар өтуде.
Секциялар 4 бағыт бойынша «Білім беру сапасын арттыру: іс-тәжірибедегі зерттеу мен идеялар», «Білім беру үдерісіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Оқыту мен оқудағы инновациялық шеберлік», «Жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыптарына бөлінген.
Секциялық отырыстарда біліктілік санаты жоғары педагогтер, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, сонымен қатар оқытуда тың идея, жаңа әдіс-тәсілдер қолдану арқылы білім сапасын арттыруға үлесін қосып жүрген жас педагогтер іс-тәжірибесімен бөлісуде.
Айта кететін жәйт, дәстүрлі тамыз кеңесі биылғы жылы жаңа форматта «Бір өңір – бір тақырыптық бағыт» принципімен 20 өңірде білім саласындағы ең өзекті 20 тақырып бойынша өткізілуде.
22 тамыздан бастап тамыз кеңесіне Ақтөбе, Ұлытау, Түркістан, Алматы, Абай, Солтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан, Абай облыстардан және Алматы, Астана қалаларынан 120 педагог келді. Барлығы 600-дей педагог қатысуда.
27.01.2021ж күні сағ 16.00-де облыстық математика пәні мұғалімдерінің қауымдастық ...
Ағымдағы жылдың 20 қаңтар күні Маңғыстау облысының математика пәні мұғалімдері ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № ...
2019 жылы білім басқармасының бұйрығымен үздік педагогтердің озық тәжірибелерін ...
...
- Республикалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының облыстық кезеңі – 2021 ...
Балаларға қосымша білім беру - үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты ...
Бүгін ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында төменде көрсетілген ...