Десанттық сабақтар өтті
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.
Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.
Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.
Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау.
Информатика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының «Жоспарлау, оқыту, бағалау» ...
СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ!!! 2 наурыз күні Атырау қаласында Атырау облысы әдістемелік ...
Мұнайлы аудандық “Өнер балалар мектебінде» Аудандық білім бөлімінің іс - шара ...
2022 жылғы 01 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығы техникалық және ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту ...
Бүгін, 28 ақпан күні, мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру, ...
Білім берудің оқу – әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2023 ...
2023 жылдың 28 ақпаны күні облыстық білім беру оқу-әдістемелік орталығының ...
Мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 27 ...
24.02.2023 жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№16 С.Мұқашов атындағы жалпы ...

















