Орталық жаңалықтары

«КӨРШІЛЕРГЕ КӨМЕК» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі оқытушылары мен студенттерінің бастауымен Ақтау қаласының бастауыш сынып оқушыларына арналған жылдық «Көршілерге көмек» атты қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Акцияның мақсаты: ұзартылған топ сабақтарында балаларға өткен материалды меңгеруге және бекітуге мүмкіндік беру, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың ата-аналарына көмек көрсету.

Ұзартылған күн тобының жұмысы мыналарды қамтиды:

үй тапсырмасын орындау;

шығармашылық және дамытушылық қызметтер;

кітап оқу;

қимыл-қозғалыс ойындар.

Аптасына 5 күн ұзартылған топқа сабақты қазақ және орыс тілдерінде «Бастауыш білім беру» мамандығының 3-4 курс студенттері, Ақтау қаласындағы 2-ші шағын ауданның 1-4 сынып оқушыларына жүргізеді.

Бүгінгі күні қазақ, орыс тілінде №5, №6 орта мектептерінің бастауыш сыныптарынан қосымша сабаққа 48 оқушы қатысып үй тапсырмаларын орындап, білім деңгейін арттыруда.

Бірінші ауысым сағат: 09:00 - 11:00 аралыгында қазақ, орыс тілдерінде екі топта 25 оқушы;

Екінші ауысым сағат: 14:00 - 16:00 аралыгында екі топта (қазақ, орыс) 23 оқушы қосымша сабаққа қатысады. 

title=title=title=title=title=title=title=


Бүгін Маңғыстау облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мобильді ...

Бүгін облыстық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мобильді топтарының жылдық ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...

Маңғыстау облысында 2025–2029 оқу жылдарына арналған кешенді жоспардың 33-тармағын ...

Бүгін, 5 ақпан күні Ақтау қалалық “Білім-инновация” лицей-интернатында білім ...

Маңғыстау облысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мобильді топтарының ...

2026 жылғы 3 ақпан күні Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын ...

2026 жылғы 30 қаңтарда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...

2026 жылғы 28-29 қаңтар күндері Астана қаласында мамандандырылған білім беру ...