Орталық жаңалықтары

«МДҰ педагогтеріне педагогикалық-психологиялық қолдау» тақырыбындағы облыстық семинар өтті


Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы  білім  басқармасының мобильді топ жоспарының негізінде, Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің И. Сүйеубаев атындағы №8 ЖББМ базасында  «МДҰ педагогтеріне педагогикалық-психологиялық қолдау» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Мақсаты: Педагогтерге өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар құру. Өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға жəне ұтымды нəтижеге жету жолындағы кедергілерді жеңе білуге ықпал ету. Тəрбиешінің кəсіби деңгейін арттыру. 

Қамтылған аудитория: Аудан, қалалардан мектепке дейінгі ұйым , педагог- психолог мамандар, мектепалды сынып мұғалімдері (40 педагог) қатысты.

Іс-тәжірибелерімен бөліскен педагогтер:

Мұқанова Амангүл Күрекқызы, Ақтау қаласы №60 «Ертөстік» бөбекжай педагог-психологы

«Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогтарына эмоционалды жанудың алдын алу»

Тайшыбаева Анар Есболатқызы, Ақтау қаласы, №5 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологі

Тренинг: «Жадырайық! Жайнайық! Жылы лебізімізді сыйлайық»

Қанымбетова Салиха Әбдіғалиқызы, Ақтау қаласы №39 «Хиуаз» бөбекжай педагог-психологы

«Тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау»

Семинарды қорытындылай келе қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ұжым жұмысына ризашылықтарын білдірді. Әрбір ұйымдастырылған іс-әрекет бойынша өз ойларымен пікір алмасты.  

 

title=title=title=title=title=title=


Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Emirates Skills XV ұлттық чемпионат өз мәресіне жетті. ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспары мен Арнайы және ...

Ақмаржан қала - Ақтау, Мұнайлы мекен - Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы ...

Бүгін Ақтау қаласындағы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі», «Оңалту орталығы, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Маңғыстау облысының білім берудің оқу-әдістемелік ...

2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...