Орталық жаңалықтары

«Педагогтер сабақтастығы» жобасының жоспарымен таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

2024 жылғы 18 қаңтар күні мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып педагогтеріне арналған «Педагогтер сабақтастығы» жобасының жоспарымен таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде мектепке дейінгі және бастауыш білім бөлімі әдіскерлері мен «Педагогтер сабақтастығы» жобасына бекітілген Ақтау қаласының № 28 мектебі және № 61 «Сұлтан» бөбекжайы, Мұнайлы ауданының № 11 мектебі және №8 «Алтын сақа» бөбекжайы, Түпқараған ауданының Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі және «Айналайын» бөбекжайының педагогтері қатысып, қойылған мақсаттар бойынша өз пікірлерін ортаға салып, ойларымен бөлісті.

1 сынып табалдырығын аттайтын әр бүлдіршіннің білім берудің келесі деңгейіне сәтті өтуін қамтамасыз ететін мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы бірізді дәйекті байланыстар желісін құру мақсатында жобаға қатысатын білім беру ұжымдарының, балалар мен ата-аналардың қолайлы өзара әрекеттесуі үшін жағдай жасау жұмыстары айқындалды.

Баланың мектеп табалдырығын аттаған кездегі қиындықтарды жеңуге көмектесетін өзінің отбасы мен әлеуметтік ресурстарын түсінуге психологиялық көмек көрсету бағытында педагогтер белсенділік танытып жобаға байланысты тың идеялар ортағы салынды. 

title=title=title=title=title=


Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Emirates Skills XV ұлттық чемпионат өз мәресіне жетті. ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспары мен Арнайы және ...

Ақмаржан қала - Ақтау, Мұнайлы мекен - Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы ...

Бүгін Ақтау қаласындағы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі», «Оңалту орталығы, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Маңғыстау облысының білім берудің оқу-әдістемелік ...

2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...