«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ» БӨЛІМІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
Орталықтың психологиялық қолдау бөлімінің мақсаты: білім беру ұйымдарындағы
педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтерге әдістемелік сүйемелдеу, кәсіби
шеберлігін арттыруға, тәжірибесін зерделеуге,
жинақтауға, таратуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруға қолдау
көрсету. Осы бағытта мамандарға семинарлар, вебинарлар, апталықтар, ашық есік
күндері, форумдар, байқаулар мен әдістемелік күндер ұйымдастырылып, барлығы
6376 маман, 38396 білім алушылар, 8152 ата-ана қатысты.
Маңғыстау облысында 145 жалпы білім беретін ұйымдарда 251 педагог-психолог бар. Оның 11 (4,4%) педагог-зерттеуші, 30 (12%) педагог-сарапшы, 78 (31%) педагог-модератор, 9(3,6%) психолог , 123 (49%) санатсыз педагог-психологтер. Соның ішінді жас мамандар саны – 49 (19,5%).
Педагог-психологтердің еңбек өтілдеріне тоқталатын болсақ, 0-3 жыл аралығы 49 (20%) педагог-психолог, 3-5 жыл – 31 (12%), 5-10 жыл – 78 (31%), 10-15 жыл – 44 (17%), 15 жылдан жоғары 49 (20%) педагог-психологтер құрайды.
Жалпы білім беру ұйымдарында 164 әлеуметтік педагог бар. Олардың 7 (4%) педагог-зерттеуші, 14 (9%) педагог-сарапшы, 33 (20%) педагог-модератор, 4 (2%) әлеуметтік педагог ескі форматтағы санатта, 106 (65%) санатсыз әлеуметтік педагогтер.
Әлеуметтік педагогтердің еңбек өтілдеріне тоқталатын болсақ, 0-3 жыл аралығы 62 (38%) әлеуметтік педагог, 3-5 жыл – 32 (19%), 5-10 жыл – 36 (22%), 10-15 жыл – 21 (13%), 15 жылдан жоғары 13 (8%) әлеуметтік педагогті құрайды.
БАҚ беттеріне 21 педагог-психолог, 13 әлеуметтік педагог мақалаларын жариялады.
2023 жылы 390 педагог-психолог, 108 әлеуметтік педагог біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...
2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...
Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...
2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...
2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...
Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 3 ...