Орталық жаңалықтары

“Қазақстан және дүниежүзі тарихы пәні бойынша БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру жолдары” тақырыбында вебинар өтті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің тапсырмасына және 2024 жылға арналған облыстық тарих пәні педагогтерінің қауымдастық жоспарына сәйкес, Ақтау қаласының білім беру ұйымдарының және облыстық мектептердің тарих пәні мұғалімдеріне арналған “Қазақстан және дүниежүзі тарихы пәні бойынша БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру жолдары” тақырыбында вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты – тарих пәні мұғалімдеріне формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын дайындау бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу, әдістемелік көмек беру.

Вебинар барысында білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы қатысушыларды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің хатымен таныстыра келіп, ТЖБ, БЖБ тапсырмаларын құру кезінде мұғалімдердің нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, тиімді құрастыру керектігін айтып өтті.

Мұнайлы ауданының №3 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімі, тренер Қамысбай Құралай Нұртайқызы “БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын саралау” тақырыбында тарих пәні мұғалімдеріне бағалау тапсырмаларын құрастыру барысында ресми көздерден алыпған ақпараттарды пайдалану, педагог оқытудың тақырыбы мен мақсатына, білім алушылардың жас ерекшелігіне де сәйкес өңдеу керектігін айта келіп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, таныстырды.

Қарақия ауданының №8 жалпы білім беретін мектебінің тарих және құқық пәндерінің мұғалімі Тәжібаев Алдияр Шепікбайұлы «Білім беру ұйымында тарих пәні бойынша БЖБ және ТЖБ жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі» тақырыбында мұғалімдердің БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құру кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануды, тарих пәнінің әр бөлімі бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу әрекеттренің неше түрі тексерілетіні, білім алушылар мен олардың ата-аналарына БЖБ нәтижелерін ұсыныу үшін рубрикалар құрастыру, т.б. жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіріп, әдістемелік көмек көрсетті.

Вебинарға Ақтау қаласының мектептері мен облыстық мектептерден 70-ке жуық тарих пәні қатысты. 

title=title=title=title=title=title=


Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Emirates Skills XV ұлттық чемпионат өз мәресіне жетті. ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспары мен Арнайы және ...

Ақмаржан қала - Ақтау, Мұнайлы мекен - Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы ...

Бүгін Ақтау қаласындағы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі», «Оңалту орталығы, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Маңғыстау облысының білім берудің оқу-әдістемелік ...

2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...