Орталық жаңалықтары

Әдістемелік көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел өтті.

2024 жылғы 31 қаңтар күні Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Г. Мамаеваның қатысуымен орта білім беру ұйымдарының дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту бойынша құрылған жұмыс тобына әдістемелік көмек көрсету мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры Ж. Үмбетова, «Өрлеу» БАҰО АҚФ Маңғыстау облысы бойынша КДИ аға оқытушысы Б. Тәжібаев, НЗМ өкілі Н. Ермағамбетова, аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталық директорлары және кіші топ мүшелері, барлығы 80 адам қатысты.

Дөңгелек үстелдің күн тәртібіне сәйкес Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының қоғамдық-гуманитарлық бөлім жетекшісі Ж. Молдажанова мектептің даму бағдарламасына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 28 тамыздағы №273 «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде енгізілген өзгерістер жөнінде айтты.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Ж. Жұмабаева Маңғыстау облысы білім басқармасының әдістемелік ұсынымдар бойынша атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.

Мұнайлы аудандық оқу-әдістемелік орталығының директоры Р. Жасақова оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын бақылауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныммен таныстырып, мектепішілік бақылау жоспарын құруда теориялық негіздері, басқару шешімдерін жүйелеу: матрицалық әдіс және т.б. жөнінде айтып өтті.

Мұнайлы ауданының Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінің директоры Ж. Бөкен ұсынымдама негізінде білім беру және оқуды талдау бойынша жасалған жұмыстарын көрсетіп, іс-тәжірибесімен алмасты.

Отырыс соңында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы директоры Ж. Үмбетова дөңгелек үстелдің шешімі бойынша мектептерге аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жанынан құрылған кіші топтарға тиісті тапсырмалар беріп, жұмыстарды міндеттеді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Emirates Skills XV ұлттық чемпионат өз мәресіне жетті. ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспары мен Арнайы және ...

Ақмаржан қала - Ақтау, Мұнайлы мекен - Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы ...

Бүгін Ақтау қаласындағы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі», «Оңалту орталығы, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Маңғыстау облысының білім берудің оқу-әдістемелік ...

2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...