Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


Маңғыстау облыстық білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік ...

08.12.2021ж. күні Білім басқармасының басшысы С. Тулебаева тапсырмасымен Мұнайлы ...

2021 жылдың 4-5 желтоқсан күндері Алматы қаласында математика, физика, информатика ...

Кездесуді басқарма басшысы С. Төлебаева жүргізіп, еркін форматта ...

Мақсаты: Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және ...

Маңғыстау облысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ...

26.11-27.11.2021ж күндері облыстық математика пәні мұғалімдерінің қауымдастықтың ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2021 жылға арналған іс-шаралар ...

2021 жылдың 25 қараша күні Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2021 жылға арналған іс-шаралар ...