Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
2021 жылдың 25 қараша күні Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының ...
2021 жылдың 26-шы қарашасында Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2021 жылдың 25 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...
2021 жылғы 24 қараша күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханашылары ...
Ата- ананың балаларға пайдасы бар тыйымдары болады. Сонымен қатар, баланы ...
Тәуелсіздік өздігінен туылмайды, ол тәрбиеленеді және дамиды. Тәуелсіздік - бұл ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының (бұдан әрі - Орталық) 2021 жылғы 19 ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 14.10.2021 жылғы №14 нқ бұйрығына сәйкес, ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 14.10.2021 ж. №15 нқ бұйрығына сәйкес, 2021 ...