«Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.
2023 жылғы 16 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Маңғыстау ауданы білім бөліміне қарасты Сайөтес ауылындағы «Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.
Білім беру үдерісінде қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдарын жетілдіру мақсатында - әдістемелік көмек тобы бөбекжай педагогтеріне (тәрбиеші құжаттарының жаңа бағдарлама бойынша жасақталуы, басшылық пен басқару талаптары бағыттарында жасалатын жұмыстар, құжаттарды ресімдеу бойынша) кеңестер беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық бөлімінде бөбекжайдың техникалық-базалық жағдайымен танысып, заттық-дамытушы орталықтарды жасақтаудың тиімді жолдарын көрсетіп, бөбекжайдағы жиһаздарды орналастыру бағыттарында ұсыныстар айтты.
Сауалнама арқылы жүргізілген жұмыстар бойынша кері байланыс жасалды. Бөбекжай педагогтері әдістемелік көмек тобына ризашылығын білдірді.
- Республикалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының облыстық кезеңі – 2021 ...
Балаларға қосымша білім беру - үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты ...
Бүгін ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында төменде көрсетілген ...
Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының (бұдан әрі – ...
Ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында республикалық қосымша білім беру ...
Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – шаралар ...
2020 жылы 9 желтоқсан күні облыстық оқу –әдістемелік және қосымша білім беру ...
Іс-шараға Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг ...
Облыстық оқу –әдістемелік және қосымша білім беру орталығы мен математика пәні ...