Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
Облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қоғамдастығының ...
2021 жылдың 15 қазан күні «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының» арнайы және ...
Білім берудің әдістемелік орталығының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2021 жылдың ...
2021 жылдың 14 қазан күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...
Құрметті әріптестер! «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ...
"М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжінің" ұйымдастырумен ...
2021 жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Маңғыстау облысы әкімінің парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2021 жылға ...
2021 жылдың 13 қазан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
Салалар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ...