Орталық жаңалықтары

Десанттық сабақтар өтті

2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде Маңғыстау облысы білім басқармасының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі №173 бұйрығына сәйкес, республикалық кезеңге жолдама алған педагогтерге кәсіби қолдау көрсету мақсатында десанттық сабақтар өтті.

Сабақтарға қатысу барысында ұстаздардың оқу үдерісін ұйымдастыруы, сабақ құрылымы, мазмұны, қолданған әдіс-тәсілдері мен білім алушылардың оқу белсенділігі сараланды.

Сонымен қатар, педагогтерге сабақтарды тиімді жоспарлау, заманауи педагогикалық технологияларды орынды қолдану, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, қалыптастырушы бағалауды жетілдіру бағыттары бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Десанттық сабақтардың мақсаты – педагогтердің кәсіби әлеуетін арттыру, тәжірибеде кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын көрсету және республикалық кезеңге жан-жақты дайындық жасау. 

title=title=title=


18.10.2022ж күні облыстық физика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының ...

2022 жылғы 18 қазан күні онлайн форматта «Мектепке дейнгі тәрбие мен оқытудың ...

2022 жылғы 18 қазан күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...

Облыс бойынша білім беру ұйымдарындағы директордың тәрбие жөніндегі ...

2022 жылдың 17 қазан күні онлайн форматта «Алтын диск» байқауына дайындалу ...

2022 жылдың 10-14 қазан күндері Білім берудің оқу әдістемелік орталығының жоспарына ...

14.10.2022 ж. күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына ...

Сүйінші жаңалық! Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2022 жылға арналған іс-шаралар ...

2022 жылдың 13 қазаны күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...