Орталық жаңалықтары

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық вебинар өтті

2023 жылғы 22 желтоксан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Сөйлеу әрекетін жүргізу -оқушылардың тілін дамытуды ойдағыдай іске асыру кепілі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық вебинар өтті. Вебинарға аудан,қаладан 100 мұғалім қатысты.

Облыстық вебинарда:

Маңғыстау ауданы, С.Нұрниязұлы атындағы мектеп- интернаттың бастауыш сынып мұғалімі,педагог-шебер Баспаева Гаухар Оңдағанқызы, «Тиімді әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып,білім алушылардың сөйлеу дағдысын калыптастыру» ;

Ақтау қаласы, №30 жббм бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Есенова Айман Сақтағанқызы «Бастауыш сынып оқушыларының ауыз екі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру»;

Мұнайлы ауданы,№7 жббм бастауыш сынып мұғалімі, педагог- зерттеуші Бекова Жамила Асанқызы «Бастауыш сыныпта сауатты сөйлеу дағдысын калыптастыру»;

Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп- лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Шүренова Гульмира Дәндібайқызы, «Оқушылардың кітап оқу ынтасын арттыру арқылы ойын еркін жеткізу дағдысын жетілдіру»

Бейнеу ауданы, Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі, педагог- шебер Жумағамбетова Азима Есенамановна «Бастауыш сыныпта оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда сюжеттік- рөлдік ойындардың маңызы» тақырыбында әдіс – тәсілдерімен бөлісті.

Вебинар соңында кері байланыс жасалып, пікір алынды. Қатысушылар ұйымдастырушылар мен спикерлерге ризашылықтарын білдірді. 

title=title=title=title=title=


2024 жылғы 12 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында әдістемелік ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2024 жылғы ...

2024 жылғы 4-5 сәуір күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім берудің ...

2024 жылғы 01 сәуір күні мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік және бейнелеу ...

2024 жылдың 29 мамыры күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Мектепке дейінгі ұйым педагогтері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес 2024 ...

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» тақырыбында облыстық ...

Ағымдағы жылдың 28 наурыз күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының және облыстық мектеп ...