Орталық жаңалықтары

Жастар жаңа форматта жүздесті

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсаны күні «Достық үйінде» жастардың бас қосуы өтті. Облыстық шараны ұйымдастыруға Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мұрындық болды.

Жастардың жігерін жанып, жарқын болашаққа құлшынысын арттыруға мотивация беру, ел мен жерге деген патриоттық сезімін ояту мақсатында өткен кездесуге 400-ден аса адам қатысты. Олардың басым бөлігі – өңіріміздегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студент жастары. Одан бөлек аталмыш шараға жергілікті блогерлер, еріктілер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.

Жастардың жылы жүздесуін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Түгелқызы ашып, жастар тақырыбында пікір білдірді.

«ZHASTAR TALKS», яғни «Жастардың жүздесуі» деп аталған кездесудің өту форматы да ерекше, TED-х түрінде өрбіді.

Шақырылған спикерлердің дені де – жастар. Олардың қатарында Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты, «Құрмет» орденінің кавалері Аят Сүгірбай, Маңғыстау ауданы Оңды ауылының әкімі Қуаныш Жәнібекұлы, облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мәди Тоқанов, Есенов колледжінің студенті Шалқар Ақмолдаев, Mediana Services компаниясының ІТ маманы Серік Серікбаев бар.

Аят Исатайұлы өтпелі шақ – жастық дәуренді бекер өткізбей, әр уақытты білім алуға, өзін-өзі дамытуға жұмсау керектігін, сондай-ақ, бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың рөлінің ерекше екендігіне тоқталып өтті.

Ал облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының директоры Мәди Тоқанов жиналған жастармен ашық микрофонда диалог құра отырып, есірткі тұтынудың зардабына маман ретінде тоқталды, жастар ой сала білді.

Есенов колледжінің 4-курс студенті Шалқар Ақмолдаевтың сахнаға шығуы жастарға рух берді. Мүмкіндігі шектеулі бола тұра, спортшылар арасында штанг көтеруден Қазақстанның үш дүркін чемпионы атануы – ата-анасының қолдауы екендігін айта келе, денсаулықтың қадірін біліп, уақытты бос өткізбеуге шақырды.

Ал Қуаныш Жәнібекұлы ерте жастан саясатқа араласып, 25 жасында әкім болуының басты себебі отанға, ел мен жерге деген сүйіспеншіліктен туындағанын және әрбір ұрпақ өзін-өзі үнемі дамытып, ізденіп, оқып-тоқығанда ғана белгілі бір жетістікке қол жеткізетінін баса айтты. Жастардың сұрақтарына жауап берді.

ІТ маманы Серік Серікбаев әлеуметтік желінің құлы болмай, қажетті тұстарын ғана алып, өз пайдасына жарату керектігін баса айтты.

Шара соңында Білім басқармасының басшысы Динара Нағимоллақызы ұрпақ тірбиелеудегі қажырлы еңбегі үшін студенттердің ата-аналарына алғыс хаттар табыс етті.

Каспий өңірі "Болашақ" колледжінің студенті, бірнеше республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, суырып салма ақын Алиев Жанболат жастарға арнау айтып, жырдан шашу шашты.

Жаңа форматта өткен жылы жүздесу қатысушылардың көңілінен шықты. 

title=title=title=title=title=title=title=title=


Маңғыстау облысы бойынша барлық білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылында «Білім ...

Жаңа 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 3,9 млн-нан астам оқушы мектепке барады, оның 352 ...

2024 жылдың 2 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Ағымдағы жылдың 19-30 тамыз күндері аралығында орталық әдіскерлері “Әдістемелік ...

2024 жылдың 26-27 тамыз күні аралығында «Физика және математика пәндерінде күрделі ...

2024 жылғы 26 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Абай атындағы ...

2024 жылғы 26 тамыз күні Ақтау қаласында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы ...

Ағымдағы жылдың 26 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 23 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен Абай атындағы ...

2024 жылдың 23 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...