Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


Маңғыстау облысының білім басқармасының 13.05.2021 жылғы №49нқ бұйрығына сәйкес, 2021 ...

Шығармашылықпен жұмыс істейтін сынып жетекшілерді қолдау, білім беру ...

Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс–шара ...

2021 жылдың 13 мамыр күні «Тәлімгерлік іс-әрекет арқылы мұғалімнің кәсіби дамуы» ...

Облыстық оқу –әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс- шаралар ...

Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні орталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстық ...

2021 жылдың 6 мамырында ZOOM платформасында «Оқушыларды шығармашылық байқауларға ...

30.04 күні облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – ...

2021 жылы 29 сәуір күні сағат 14.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ...

29.04.2021ж күні, сағат 16.00-де математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының ...