Орталық жаңалықтары

Маңғыстаулық 3 мұғалім «Үздік педагог» атанды

Астана қаласында «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Үздік педагог» атанғандардың қатарында маңғыстаулық мұғалімдер де бар.

Байқау қорытындысы бойынша мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының озат педагогтері өз салалары бойынша үздік атанды.

Салтанатты жиында ҚР Оқу-ағарту министрі Сүлей

менова Жұлдыз Досбергенқызы ұстаздарды марапаттап, оларға шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тіледі.

Маңғыстау облысынан республикалық кезеңге 10 педагог қатысып, олардың үшеуі жеңімпаз атанды:

Жаңабергенова Мейрамгүл Сакидуллақызы – Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

Диханова Жүзім Сыдиыққызы – Ақтау қаласы, Мамандандырылған ІТ лицейінің математика пәні мұғалімі

Кенжалиева Әсел Қабиденқызы – Ақтау қаласы, Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің өндірістік оқыту шебері;

Жеңімпаз ұстаздарға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісі табысталып, 1000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы берілді.

2012 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл байқау – педагог мәртебесін арттырып, ұстаздардың шығармашылық белсенділігін қолдауға бағытталған маңызды жоба.

Еліміздің білім саласына зор үлес қосып жүрген жеңімпаз ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Оқушылар жүрегіне жарық нұр сепкен еңбектеріңіз жемісті болсын! 

title=title=title=title=title=


2019 жылы білім басқармасының бұйрығымен үздік педагогтердің озық тәжірибелерін ...

...

- Республикалық «Мамандықтар әлемін ашамыз» форумының облыстық кезеңі – 2021 ...

Балаларға қосымша білім беру - үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты ...

Бүгін ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында төменде көрсетілген ...

Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының (бұдан әрі – ...

Ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында республикалық қосымша білім беру ...

Облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс – шаралар ...