«Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.
2023 жылғы 16 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Маңғыстау ауданы білім бөліміне қарасты Сайөтес ауылындағы «Балдәурен» бөбекжайына әдістемелік көмек көрсетілді.
Білім беру үдерісінде қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдарын жетілдіру мақсатында - әдістемелік көмек тобы бөбекжай педагогтеріне (тәрбиеші құжаттарының жаңа бағдарлама бойынша жасақталуы, басшылық пен басқару талаптары бағыттарында жасалатын жұмыстар, құжаттарды ресімдеу бойынша) кеңестер беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық бөлімінде бөбекжайдың техникалық-базалық жағдайымен танысып, заттық-дамытушы орталықтарды жасақтаудың тиімді жолдарын көрсетіп, бөбекжайдағы жиһаздарды орналастыру бағыттарында ұсыныстар айтты.
Сауалнама арқылы жүргізілген жұмыстар бойынша кері байланыс жасалды. Бөбекжай педагогтері әдістемелік көмек тобына ризашылығын білдірді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша ...