"Үздік мектеп кітапханашысы" облыстық байқауы өтті
2021 жылғы 24 қараша күні жалпы білім беретін мектептердің кітапханашылары арасында «Үздік мектеп кітапханашысы» облыстық байқауы (онлайн) өтті. Байқау Білім басқармасының «Балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға тарту, кітап оқуды насихаттау және «Оқуға құштар мектеп» жоспарын жүзеге асыру аясындағы 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде ұйымдастырылды.
Байқауға аудандық, қалалық кезеңде жеңімпаз деп танылған 7 кітапханашы қатысып, олардың 3 бөлім бойынша жолдаған төмендегідей жұмыстары қаралды:
- Оқыту тіліндегі электронды портфолио.
- «Мектеп кітапханасындағы жұмыстың заманауи әдістері» - эссе.
- Бейнеролик (Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған шара).
Жұмыстар әр бөлім бойынша алдын ала белгіленген критерийлерге сәйкес қаралып: электронды портфолио ресімдеуде жаңашылдық жетіспеуі; эссе жазуда өзіндік ой-тұжырым, дәлелдемелер келтірмей, кітапханаларда атқарылған шараларды атап көрсетумен ғана шектелуі; эссе бөлімдерінің сақталмауы (ойды қорыту жетіспейді); кітапханадағы шаралардың әлі күнге дейін ескі форматта өтуі, т.б. сияқты ортақ кемшіліктер анықталды.
Барлық бөлім бойынша ортақ ұпай шығарылып, жүлделі орын алғандар анықталды.
І орынды Түпқараған ауданы, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназияның кітапханашысы Бекбосынова Анар;
ІІ орынды Маңғыстау ауданы, Қаратөбе мектебінің кітапханашысы Аймұрзаева Жанар;
ІІІ орынды Мұнайлы ауданы, №14 жалпы білім беретін мектептің кітапханашысы Қартмағамбетова Самал иеленді.
Ал Жаңаөзен қаласы, №22 жалпы білім беретін мектептің кітапханашысы Усербаева Сандуғаш ынталандыру, қалған үш кітапханашы сертификаттарымен марапатталды.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ...
2026 жылғы 15 қазанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық тәрбие ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін ...
Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ...
2026 жылғы 6 қазанда Ақтау қаласының меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ...
2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау ...



















