Орталық жаңалықтары

«Dalaskills» өңіраралық чемпионаты өз мәресіне жетті

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында тамыры терең дәстүр мен ұлттық құндылықты, даланың дара болмысын ұрпаққа аманат ету мақсатында Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында студенттер арасында үш күннен бері өтіп жатқан «Dalaskills» өңіраралық шеберлік чемпионаты бүгін өз мәресіне жетті.

WorldSkills әлемдік қозғалысының стандарттарына сәйкес ұйымдастырылған бұл шараға еліміздің 7 өңірінен 100-дей студент пен 70-тей жолбастаушы жетекшілері қатысты.

Чемпионат халықаралық стандартқа сай CIS жүйесі бойынша бағаланып, төмендегіше қорытындыланды:

«Халық ауыз әдебиеті» құзыреттілігі бойынша:

Алтын медаль: Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің студенті Ерболатқызы Мадина марапатталды.

Күміс медаль: Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің студенті Әділбек Мадина;

Қола медаль: Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенті Самурадова Ақнұр мен Бейнеу гуманитарлық колледжінің студенті Мырзабаев Еркебұлан;

«Үздік маман» медальоны: Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенті Нұрберген Кәусар;

«Домбырамен халық әнін айту» құзыреттілігі бойынша:

Алтын медаль: Маңғыстау өнер колледжінің студенті Абдимажит Жансұлу;

Күміс медаль: Маңғыстау өнер колледжінің студенті Қаржаубай Диляра иеленді.

Қола медаль: Ақтөбе облысы, Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері Омарова Азиза мен Избанова Амина;

«Үздік маман» медальоны: Түркістан облысы Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Сырлыбаев Бақдаулет

«Қазақтың би өнері» құзыреттілігі бойынша:

Алтын медаль: Маңғыстау өнер коллежджінің суденттері;

«Үздік маман» медальонын: Ақтөбе облысы «Дүние» колледжінің және Түркістан облысы Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттер тобы;

«Ұлттық тағамдар» құзыреттілігі бойынша:

Алтын медаль: Маңғыстау туризм колледжінің студенті Аманғали Алтынбек иеленді.

Күміс медаль: Атырау облысы Атырау сервис колледжінің студенті Амангус Ислам мен Жамбыл облысы Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Гадирова Гүлсабат иеленді.

Қола медальды: Батыс Қазақстан облысы Сырым колледжінің студенті Өзипа Ғабдол мен «Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжінің студенті Темірбаев Ануар иеленді;

«Үздік маман» медальоны: Ақтөбе облысы «Дүние» колледжінің студенті Әділғазы Диляра мен «Қарақия кәсіптік колледжінің студенті Жангелді Алшын;

«Су биоресурстарын өңдеу», соның ішінде, «көшпенділердің балық өнімдерін өңдеу дәстүрлері» құзыреттілігі бойынша:

Алтын медаль: Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенті Аманқос Айымгүл;

Күміс медаль: Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің студенттері Қожамберді Мейіржан мен Анарбай Дәуірбек және Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенті Ұзақбаев Ержан;

Қола медаль: Батыс Қазақстан облысы Сырым колледжінің студенті Ғалымгереев Санжар және Маңғыстау туризм колледжінің студенті Сүгірбек Азамат марапатталады. Құттықтаймыз!

«Ұлттық құрақ өнері» құзыреттілігі бойынша:

Алтын медаль: Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті Халбай Фарида;

Күміс медаль: Каспий жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінің студенті Келмағанбетова Гүлназ және Батыс Қазақстан облысы Орал Сервис технологиялық колледжінің студенті Есбатырқызы Фатима

Қола медаль: Жамбыл облысы Бетқайнар колледжінің студенті Сабырбаева Ақсұлу;

«Үздік маман» медальоны: Атырау облысы Атырау сервис колледжінің студенті Дүйсенбай Айзат және «Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжінің студенті Дабыл Қырмызы;

«Кірпіш қалау» құзыреттілігі бойынша:

Алтын медаль: Түркістан облысы Түркістан индустриалды-құрылыс колледжінің студенті Жалолов Нұрдәулет;

Күміс медаль: Қарағанды облысы Қарағанды техника-құрылыс колледжінің студенті Абдумажидов Нұрсұлтан және Жаңаөзен қызмет көрсету колледжінің студенті Өтешов Нұрсерік Нұрлыбекұлы марапатталады.

Қола медаль: Ақтөбе облысы Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің студенті Тілектес Жігер және Жамбыл облысы Жамбыл политехникалық колледжінің студенті Орынбасар Саян;

«Үздік маман» медальоны:

Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің студенті Юсупов Ерасыл және «Есенов колледжінің» студенті Серік Жарас;

«Киіз өнері» құзыреттілігі бойынша:

Алтын медаль: Қарақия кәсіптік колледжінің студенті Жамаладдин Жанарыс;

Күміс медаль: Батыс Қазақстан облысы Орал Сервис технологиялық колледжінің студенті Сағынғалиева Гүлназ және Жамбыл облысы Абай атындағы Жамбыл гумантиралық жоғары колледжінің студенті Орынбасар Назым;

Қола медаль: Жамбыл облысы Бетқайнар колледжінің студенті Кинхузова Фатима;

«Үздік маман» медальон: Түпқараған гуманитарлық-кәсіпік колледжінің студенті Темірланқызы Ұлболсын

«Ұлттық киім: заманауи дизайн» (моншақтап кәжекей тігу)» құзыреттілігі бойынша:

Алтын медаль: Қарақия кәсіптік колледжінің студенті Шарипова Аселя;

Күміс медаль: Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенті Сембай Лейла Амандыққызы;

Қола медаль: «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінің студенті Жалғасова Камшат және Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті Тойлы Аружан;

Үздік маман» медальоны:

Ақтөбе облысы ДҮНИЕ колледжінің студенті Қуанышбай Мерей;

«Былғары өнері» құзыреттілігі бойынша:

Алтын медаль: Жамбыл облысы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Ауесхан Дамира;

Күміс медаль: Қарағанды облысы Қарағанды техника-құрылыс колледжінің студенті Жадыгеова Аяжан және Қарақия кәсіптік колледжінің студенті Жаңғабай Айнұр;

Қола медаль: Ақтөбе облысы Дүние колледжінің студенті Андакулова Тамара;

«Ұлттық қолданбалы өнер» құзыреттілігі бойынша:

Алтын медаль: Түркістан облысы Шардара қаласындағы №16 колледжі студенті Нашенова Аида;

Күміс медаль: Қарақия кәсіптік колледжінің студенті Бисенбаева Сұлушаш және Жаңаөзен политехникалық колледжінің студенті Спан Ғалия;

Қола медаль: Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің студенті Далюбай Гүлден және Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің студенті Дасайқызы Аяулым.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 

title=title=title=title=