Орталық жаңалықтары

«Әке-шаңырақтың негізгі тірегі» тақырыбында облыстық әкелер форумы өтті.

2023 жылдың 27 мамыр күні Маңғыстау облысы Білім басқармасының қолдауымен «Samruk Ziatkerlik mektebi» Ақтау қаласы Holiday Inn қонақ үйінде ұрпақ тәрбиесінің даму траекториясын айқындап, отбасы құндылықтарының өзегін тауып, оны біліммен ұштастыру мақсатында «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі» тақырыбында облыстық әкелер форумын өткізді.

Бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді талқылау үшін бір диалог алаңында Ақтау қаласы мен Мұнайлы аудандарынан барлығы 44 әке бас қосты.

Іс-шара барысында отбасындағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлін күшейту, тиісті отбасылық тәрбие мәселесіне қоғамның назарын аудару жөнінде пікірталас жүрді. Сонымен қатар, ұрпақ тәрбиелеуде қандай қателіктерге мән бермей жүргендігіміз туралы айтылды.

Қатысушылар «Қазіргі әке: жұмыс және отбасы», «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы», «Балаға арманындағы мамандықты таңдауға қалай көмектесеміз?», «Әр отбасында кішкентай кәсіпкер бар» атты шебер сынып пен баяндамаларды тыңдап, өзара талқыға салды. 

title=title=title=


Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...

2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...

Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 3 ...