Орталық жаңалықтары

«Арнайы және инклюзивті білім бөлімінің» жылдық есебі

Орталықтың арнайы және инклюзивті білім бөлімінің мақсаты:  арнайы білім беру ұйымдарындағы, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделеуӘдістемелік көмек көрсете отырып, осы мамандар арасында семинарлар, кері байланыс вебинарлары мен  байқаулар ұйымдастыру.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі басымдықтар білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету, баланың жеке басына құрмет пен сенім, балалардың құқықтарын мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.
Облысымызда 22 арнайы білім беру ұйымы бар (4 арнайы мектеп, 3 арнайы балабақша, 5 ПМПК, 6 ППТК және 4 арнайы мекеме).
145 жалпы білім беру ұйымдарында 108 педагог-ассистент,  72 педагог-логопед, 110 педагог-дефектолог, 215 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 45 педагог-дефектолог, 58 педагог-логопед, 16 педагог-ассистент қызмет атқарады.
Арнайы білім беру ұйымдарында (арнайы балабақша, арнайы мектептер, ППТК, Оңалту орталықтары) 2198 бала білім алады және отбасылық үлгідегі балалар ауылында 29 бала тәрбиеленеді.
Жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін 1532 бала білім алады, оның ішінде 301-1 үйден оқиды.
Педагогикалық шығармашылық пен шеберлікті дамытуда барлығы 9 семинар, вебинар, әдістемелік күндер ұйымдастырылып, барлығы 774 маман қатысты.
Педагогтердің шығармашылық әлеуетін қолдау, педагог имиджін көтеруде облыстық 6 шара ұйымдастырылып (4 педагогтерге арналған, 2 оқушыларға арналған), 103 педагог қатысып, жүлделі орындармен 46-сы (І орын-28; ІІ орын-12; ІІІ орын-6) марапатталды. Аудандық, қалалық кезеңіне 293 педагог қатысты.
2023 жылы 18 біліктілік арттыру курсынан 523 педагог өткен. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығынан – 169, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ПШО – 15, Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан – 15, Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы – 6, «Луара» ҚҚ – 299, Адамның үйлесімді дамуының ұлттық институтынан – 19 педагог біліктілігін арттырды.
Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылардың танымдық процестерін дамыту және білім беру үдерісіне үлес қосуына ықпал жасау, әдістемелік көмек беру мақсатында сабақтан тыс қызмет шеңберінде Мұнайлы ауданында «Шектеусіз мүмкіндіктерге бастар жол», Бейнеу ауданында «Мүмкіндігіміз әртүрлі-құқығымыз бірдей», Жаңаөзен қаласында «Ата-аналардың ерекше білімді қажет ететін балаларға көзқарасы» жобалары жұмыс жасайды.
Орталықтың сайтында, фэйсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінде өткізілген шаралар ақпараттары жарияланып отырады. Бұқаралық ақпарат құралдарына қыркүйек-желтоқсан айларында 77 педагог мақала жариялады. Оның 61-і арнайы білім беру ұйымдары, 9-ы арнайы балабақша, 7 жалпы білім беретін мектептің арнайы педагогтері.
Биылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе арнайы және жалпы білім беру ұйымдарындағы арнайы педагогтердің мәртебесін көтеру,  жұмыстарына қолдау көрсету, озық іс-тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату мақсатында алдағы 2024 жылға мамандар арасында байқау, семинарлар, кері байланыс вебинарлары және әдістемелік көмек күндерін, тікелей эфирлер, БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде мақалалар жариялау, үздік педагогтермен кездесу өткізу, «Өрлеу» БАҰО, «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ПШО-ға біліктілікті арттыру курстарын өткізуге ұсыныс беру жоспарланды.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...

2026 жылғы 28-29 қаңтар күндері Астана қаласында мамандандырылған білім беру ...

Бүгін Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім берудің оқу-әдістемелік ...

⚜️2026 жылдың 23 қаңтар күні Білім берудің оқу әдістемелік орталығының және ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...

2026 жылдың 22 қаңтар күні облысымыздың математика пәні мұғалімдері арасында ...

2026 жылғы 17–19 қаңтар аралығында Алматы қаласында Оқу-ағарту министрі Ж. ...

Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...

Ағымдағы жылдың 15-16 қаңтар күндері «Кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктері» ...

«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік ...