Орталық жаңалықтары

«Білім беру саласы: Бір бірлестік. Бір бағдарлама» тақырыбында облыстық әдістемелік күн өтті.

Бүгін, 2024 жылғы 8 ақпан күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының «Білім беру саласы» қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Білім беру саласы: Бір бірлестік. Бір бағдарлама» тақырыбында облыстық әдістемелік күн өтті.

Әдістемелік күннің мақсаты – білім беру саласына мамандарын даярлауда білім беру бағдарламаларын әзірлеуге әдістемелік көмек көрсету, сапасын арттыру, білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсету және тәжірибе алмасу.

Шараға педагогика саласын оқытатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқу-ісі, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлер және арнайы пән оқытушыларынан барлығы 60-ға жуық адам қатысты.

Шара аясында "Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі басшысының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Н.Койболдиева «Білім беру бағдарламаларын әзірлеуде басшылыққа алынатын нормативтік құжаттар» тақырыбында, ал «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы Т.Мурзагалиева «Білім беру бағдарламасын әзірлеу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар баяндамашылар мен орталық мамандарына сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. 

title=title=title=title=