Орталық жаңалықтары

«Мағжан жыры - мәңгілік» тақырыбында эссе байқауы өтті

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабайұлының шығармашылығын өскелең ұрпаққа насихаттау, эссе жазуда логика, ойды дәйектеу, ақпаратты сауатты жеткізу қабілетін, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында ағымдағы жылғы 22 қыркүйек күні «Мағжан жыры - мәңгілік» тақырыбында облыстық эссе байқауы өтті. Байқауға аудандық, қалалық, колледжішілік кезеңдерден іріктелген педагогтердің 17 жұмысы ұсынылып, қазылар алқасы тарапынан жан-жақты қаралып, тексерілді.

Ережеге сай сапалы жазылған эссе жұмысын ұсынған педагогтер жүлделі орындармен төмендегіше марапатталды:

Жалпы білім беретін мектептердің педагогтері арасында І орынды Маңғыстау ауданы №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гүлжанат Оразбекқызы;

ІІ орынды Түпқараған ауданы М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Райхан Кулжанова;

ІІІ орынды Жаңаөзен қаласы №5 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ұлболсын Карамурзаева иеленді.

Ал техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтері арасында І орынға лайық жұмыс болмағандықтан,

ІІ орынды Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Жанар Беришбаева;

ІІІ орынды Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжіның қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Гүлжанат Шанбас иеленді. 

title=title=


Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...

2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...

Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 3 ...