Орталық жаңалықтары

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль» тақырыбында облыстық нетворкинг-сессия өтті.

Бүгін, 2024 жылғы 24 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінде білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын басқару: Менеджмент. Инновация. Стиль» тақырыбында облыстық нетворкинг-сессия өтті.

Шараға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшы, басшының оқу-ісі, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлер, барлығы 60-қа жуық адам қатысты.

Нетворкинг-сессияның мақсаты: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшыларының басқару ісіндегі жаңашыл іс-тәжірибелерімен бөлісу, басшы орынбасарларының курстан алған білімдерін оқу үрдісіне енгізу үшін тәжірибе алмасу.

Шара екі секциядан тұрды:

Бірінші секцияда басшылар білім беру ұйымдарын басқарудағы жаңашыл әдіс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ал екінші секцияда басшы орынбасарлары мен әдіскерлер курстан кейінгі кері байланыс жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш шара колледж басшысының жаңаша стилі мен колледжді дамытудағы стратегиялық жоспарын жаңарту бағытындағы тиімді амалдарды пайдалану жолдарын көрсетсе, «TALAP» КЕАҚ - нан біліктілік арттыру курстарынан өткен басшы орынбасарларымен әдіскерлер үшін курстан алған білім мен біліктілік дағдыларын пысықтауда маңызы зор болды. 

title=title=title=title=