Орталық жаңалықтары

«Тереңге тартқан тамырын, Киелі білім ордасы» атты облыстық шара өтті.

2023 жылдың 2 қарашасында «Тереңге тартқан тамырын, Киелі білім ордасы» атты облыстық шара өтті

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Түпқараған ауданы М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясында аталмыш мектеп-гимназияның 80 жылдығы және мектепке Маршал Әбдіхалықовтың есімі берілгеніне 30 жыл толуына орай 2023 жылдың 2 қарашасы күні «Тереңге тартқан тамырын, Киелі білім ордасы» атты облыстық шара өтті.

Шараның мақсаты – журналист, жазушы, аудармашы, драматург Маршал Әбдіхалықовтың есімін ұлықтау, асыл мұрасын кейінгі ұрпақтарға дәріптеу.

Салтанатты шараға Түпқараған аудандық оқу-әдістемелік орталығының мамандары, облыстағы атау берілген жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және ардагер ұстаздар қатысты.

Шара «Киелі білім ордасы» және «Мектебім – жұмақ мекенім» деп аталатын 2 бөлімнен тұрды.

Алғашқы бөлімде қонақтар мектеп тіршілігімен, соның ішінде, оқушылардың үзіліс кезінде бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған «Smart Break» жобасымен, роботехника үйірмесінің жұмыстарымен және кітапхана тынысымен танысты. Сонымен қатар мектептегі Маршал Әбдіхалықов мұражайына саяхат жасап, қаламгердің өткен өміріне көз жүгіртіп, жәдігерлері мен еңбектерін тамашалап, көп мағлұмат алды.

Бұдан әрі шара «Мектебім – жұмақ мекенім» атты мерекелік кешке ұласты. Ұстаздар әннен шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды. Мектептің тарихы мен қол жеткізген жетістіктері баяндалып, сахналанды.

Кеш соңында мектептің ардагер ұстаздары естеліктермен бөлісіп, жылы лебіздерін арнады.

Облыстық шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Түпқараған аудандық оқу-әдістемелік орталығына, мектеп директоры Қопашова Аманкүл Сабырханызына және мектеп ұжымына алғыс білдіреміз. 

title=title=title=title=title=