Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
2026 жылғы 28-29 қаңтар күндері Астана қаласында мамандандырылған білім беру ...
Бүгін Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім берудің оқу-әдістемелік ...
⚜️2026 жылдың 23 қаңтар күні Білім берудің оқу әдістемелік орталығының және ...
Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...
2026 жылдың 22 қаңтар күні облысымыздың математика пәні мұғалімдері арасында ...
2026 жылғы 17–19 қаңтар аралығында Алматы қаласында Оқу-ағарту министрі Ж. ...
Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...
Ағымдағы жылдың 15-16 қаңтар күндері «Кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктері» ...
«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік ...



__b320fc842d606b4f9ca55845826112d3.png)






__35f7ab3a47b5a3d7f9025bf9ce17792b.png)


__b320fc842d606b4f9ca55845826112d3.png)



