Информатика пәні мұғалімдерінің облыстық «Алтын диск» олимпиадасы
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім беруді ақпараттандыруды дамыту жағдайында информатиканы оқытудың инновациялық әдістері мен формаларын және педагогикалық идеяларды іздеу мақсатында 2022 жылдың 01-02 қараша күндері информатика пәні мұғалімдері арасында облыстық «Алтын диск» олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға облысымыздағы жалпы білім беру ұйымдарының 8 информатика пәні мұғалімі қатысты.
Олимпиада 4 бағыттан тұрды. «Үздік ақпараттық оқыту технологиясы» тақырыбында презентация қорғап, тест жұмысын орындады. Бағдарламалау тілдері бойынша есеп шығарды, YouTube каналында алдын-ала жарияланған бейнесабақтары бағаланды.
Қатысушыларға портфолионы жасақтау реттілігімен, сабақта АКТ-ны тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетілді , олимпиада шартындағы тест және есеп тапсырмаларынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазылар алқасының шешімімен:
Информатика пәнінен:
І орын – Информатика пәні мұғалімі Елжанова Гульназ Жексенбаевна, Мұнайлы ауданы, «Қызылтөбе лицейі»
ІІ орын - Информатика пәні мұғалімі Байғожаева Гүлжанат Мусағалиқызы, Ақтау қаласы, №30 жббм
ІІІ орын – Информатика пәні мұғалімі Калиева Гульназ Рахметуллаевна, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жббм
«Үздік сабақ» номинациясы – Информатика пәні мұғалімі Шербаева Жадыра Куанышбаевна, Қарақия ауданы, №7 жббм
Жеңімпаз мұғалімдерді құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні жаңа оқу жылында білім беру процесін ...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылғы 5 тамыздағы №227 нқ бұйрығына ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылғы 3 тамыздағы №226-нқ бұйрығына ...
Жиынға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген командалармен қатар, Әзірбайжан, ...
2026 жылғы 21 шілде күні «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі және бастауыш ...










__9854b3cda5ae36849dc3daf321818b95.jpeg)





