Жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдер олимпадасының облыстық кезеңі
01-02.11.2022ж. Ақтау қаласындағы Білім инновация лицейінде педагог кәсібінің мәртебесін арттыру, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтерді таныту және әдістемелік көмек беру мақсатында облыстық жаратылыстану – математика (математика, физика, химия, биология, география) пәндері мұғалімдерінің олимпиадасы өтті.
Байқауда мұғалімдер портфолио, бейне сабақ және олимпиадалық тапсырмалардан есептер шығару бойынша додаға түсті. Барлығы 39 мұғалім қатысты.
Сонымен қатар мұғалімдерге байқау бөлімдері бойынша әдістемелік көмек беріліп, есептердің шығару жолдары түсіндірілді.
Қазылар алқасының шешімі бойынша мұғалімдер дипломдармен, ақшалай сыйлықпен марапатталды.
І орын:
Нұржігіт Нұрболат, Тұпқараған ауданы Ақшұқыр мектеп- гимназиясының математика пәні мұғалімі;
Шарауова Райхан Бактебаевна, Ақтау қаласы №11 лицейінің химия пәні мұғалімі;
Давишева Қалжан Тойлыбаевна, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе лицейінің биология пәні мұғалімі;
Таджибаева Орал Темиргалиевна, Бейнеу ауданы Абай атындағы мектептің география пәні мұғалімі;
ІІ орын:
Орынбасаров Джалгасбай, Жаңаөзен қаласы №19 мектептің математика пәні мұғалімі;
Ураков Алибек, Ақтау қаласы №17 мектептің математика пәні мұғалімі;
Осербаева Арухан Майрамбаевна,
Ерсайынова Шолпан Талғатқызы, Түпқараған ауданы С.Шапағатов атындағы мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі;
ІІІ орын:
Муликбаева Баршагүл, Маңғыстау ауданы Жармыш мектебінің математика пәні мұғалімі;
Конурбаев Ермек, Мұнайлы ауданы №11 мектебінің математика пәні мұғалімі
Суюнова Бактылы Сейлхановна, Жаңаөзен қаласы
№7 мектебінің физика пәні мұғалімі;
Нурхожаев Ерлан Тугелович, Мұнайлы ауданы №9 мектебінің физика пәні мұғалімі;
Елжанова Азиза Маратовна, Мұнайлы ауданы №9 мектебінің химия пәні мұғалімі;
Жайлыбаева Үміт Куандыковна, түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі;
Мырзабекова Бахтыгуль Мустахиевна, Ақтау қаласы №13 гимназияның биология пәні мұғалімі;
Даулыханова Құралай Қуанышқызы, Маңғыстау ауданы М.Атымов атындағы мектептің география пәні мұғалімі;
«Үздік сабақ» номинациясы:
Жолбаева Айғаным, математика пәні мұғалімі;
Достлеуова Бибигул Есенқызы, Бейнеу ауданы Есет мектеп-бөбекжайының физика пәні мұғалімі;
Капуова Жанна Орынгалиевна, Қарақия ауданы №7 мектебінің химия пәні мұғалімі;
Жаксигулова Самал Урдековна, Қарақия ауданы жалпы білім беретін мектеп- гимназиясының биология пәні мұғалімі;
Темірханова Айнұр Темірханқызы, Ақтау қаласы №21 мектебінің география пәні мұғалімі
Жеңімпаз мұғалімдерді құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
2026 жылғы 28-29 қаңтар күндері Астана қаласында мамандандырылған білім беру ...
Бүгін Маңғыстау облысы білім басқармасының Білім берудің оқу-әдістемелік ...
⚜️2026 жылдың 23 қаңтар күні Білім берудің оқу әдістемелік орталығының және ...
Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...
2026 жылдың 22 қаңтар күні облысымыздың математика пәні мұғалімдері арасында ...
2026 жылғы 17–19 қаңтар аралығында Алматы қаласында Оқу-ағарту министрі Ж. ...
Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2026 ...
Ағымдағы жылдың 15-16 қаңтар күндері «Кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктері» ...
«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік ...



__b320fc842d606b4f9ca55845826112d3.png)






__35f7ab3a47b5a3d7f9025bf9ce17792b.png)


__b320fc842d606b4f9ca55845826112d3.png)



