Орталық жаңалықтары

Колледж педагогтерінің пәндік олимпиадасы өз мәресіне жетті

Технтехникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндері педагогтерінің арасындағы екі күнге созылған облыстық олимпиада өз мәресіне жетті.

Олимпиада қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша екі кезеңде өткізілді.

Қатысушы 30 педагог олимпиаданың бірінші кезеңінен іріктеліп, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 7, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 7 педагог екінші кезеңге жолдама алды.

Екінші кезеңде педагогтер өз пәндері бойынша ашық сабақтар өткізді.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен олимпиада нәтижесі төмендегіше қорытындыланды:

І орын – Салпыков Артур Алтынгалиевич, «Қайнар» колледжінің қазық тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы;

ІІ орын - Башарова Перизат Мансуровна, «Асмет Ұлас» жоғары педагогикалық колледжінің тарих пәні оқытушысы;

ІІ орын – Бурабаева Назгүл Боранбаевна, М. Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы;

ІІІ орын – Шаленова Айдана Мұратқызы, Бейнеу гуманитарлық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы;

Ынталандыру –Шалабаева Ляззат Жаксылыковна, О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы;

Ынталандыру – Ешимбетов Онгарбай Джумабаевич, Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы;

Ынталандыру – Аубекерова Ляззат Ермеккалиевна, Маңғыстау туризм колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы иеленді.

Ал жаратылыстан-математикалық бағыт бойынша:

І орын – Әмірбекова Гүлшат Сайынқызы, «Каспий» жоғары педагогика және исалалық технологиялар колледжінің биология пәні оқытушысы;

ІІ орын – Саулебаева Гүлбаршын Коскалиевна, Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің химия пәні оқытушысы;

ІІІ орын – Кибасова Гульзат Насихатовна, Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің информатика пәні оқытушысы;

ІІІ орын – Бекешова Шаттыгуль Рамазановна, Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжінің математика пәні оқытушысы;

Ынталандыру – Нұрқуыт Саягул Қуанышқызы, «Қайнар» колледжінің география пәні оқытушысы;

Ынталандыру – Даңшабаева Элеонора, Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжінің география пәні оқытушысы;

Ынталандыру – Тәжіғалиева Жансая Алиқызы, М. Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогика колледжінің биология пәні оқытушысы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...

2026 жылғы 17 ақпанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2026 жылға арналған Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...

2026 жылдың 10-11 наурыз күндері «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 10 ...

Мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы Республикалық ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 6 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылғы ...