Орталық жаңалықтары

Қосымша білім беру ұйымдарының онлайн отырысы өтті

2021 жылдың 23 қыркүйек күні облысымыздағы қосымша білім беру ұйымдары қатысуымен онлайн отырыс өтті. Отырысқа Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары А. Мамаева, тәрбие және қосымша білім бөлімдерінің мамандары, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары мен олардың орынбасарлары қатысты.

Отырыс басында А. Мамаева Ақтау қалалық Оқушы орталығының жаңа басшысын өзге әріптестерімен таныстырып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.

Одан әрі, жұмыс барысында қолданылатын нормативтік құжаттар мен әдістемелік нұсқаулықта кездесетін өзгерістер туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Директорлар алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісіп, қолға алынатын тың жобаларымен таныстырды.

Ағымдағы мәселелер бойынша туындаған сұрақтар мен мәселелерді ортаға салып, талқыланды. Қатысушылар мамандар мен ғимарат қажеттілігі туралы ұсынымдарын білдірді.

А. Мамаева аттестация жұмыстары жөнінде алдағы уақытта әдістемелік көмектер көрсетілетіндігін атап өтті. 

title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ...

2026 жылғы 15 қазанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен облыстық тәрбие ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...

Ағымдағы жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін ...

Ағымдағы жылдың 9 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2026 жылғы 7 қазан күні Ақтау қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектебінде ...

2026 жылғы 6 қазанда Ақтау қаласының меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ...

2026 жылғы 5 қазанда Ақтау қаласындағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау ...