Облыстық “Тілші мұғалімдер-2026” олимпиадасы өтті
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 22.01.2026ж. №16-нқ бұйрығы негізінде облыстық “Тілші мұғалімдер-2026” олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен - 7, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен - 7, ағылшын тілі пәнінен - 9, барлығы 23 мұғалім қатысты.
Байқау барысында қатысушылар жоба қорғап, пән ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, педагогтердің Е-портфолиосы мен Үoutube каналына жүктеген ашық сабақтарын әділқазылар алқасы сілтеме арқылы қарап, бағалады.
Әділқазылар алқасының шешімімен олимпиаданың қорытындысы келесідей болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
І орын - Жарылғасынова Сандуғаш Түгелқызы (Бейнеу ауданының Сыңғырлау мектеп-бөбекжай кешені);
ІІ орын - Тініқұл Зияда Нұрлықызы (Жаңаөзен қаласының #22 жалпы білім беретін мектебі);
ІІІ орын - Көнебаева Балзия Асанқызы (Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-гимназиясы).
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:
І орын - Достанова Нұрсауле Дауылбекқызы (Мұнайлы ауданы #4 жалпы білім беретін мектеп);
ІІ орын - Қыдыршаева Ақмарал Абутәліпқызы (Ақтау қаласының “Жас қанат” мектеп-лицейі);
ІІІ орын - Дүзбаева Айнұр Бекболатқызы (Бейнеу ауданының Бейнеу гимназиясы);
Ағылшын тілі бойынша:
І орын - Ерполатова Шолпан Еділбайқызы (Мұнайлы ауданының Ш.Мұңалұлы атындағы #5 жалпы білім беретін мектебі);
ІІ орын - Таймасова Зухра Мерекеқызы (Ақтау қаласының JOO HIGH SCHOOL жекеменшік мектебі);
ІІІ орын - Нұрова Алия Жұмағұлқызы (Маңғыстау ауданының Қаратөбе жалпы білім беретін мектебі).
Жеңімпаз педагогтерді құттықтаймыз.
2026 жылдың 27–29 сәуір күндері аралығында Астана қаласында информатика пәні ...
2026 жылдың 27-29 сәуір аралығында Алматы қаласында Дарын Республикалық ғылыми ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған іс-шаралар ...
2026 жылдың 27 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте дамыту ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
2026 жылдың 24 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
2026 жылдың 24 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
⚜️ 2026 жылдың 24 сәуір күні Ақтау қаласындағы Оқушылар сарайында облыстық «Адал ...

__4736e5b91f402a6d77e15629afd23443.jpeg)








__b87d80efac49472c4730352cc38c4849.jpeg)




