Орталық жаңалықтары

Тарих және құқық пәндері мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өтті

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 19-20 қазан күндері Ақтау қаласының №17 жалпы білім беретін мектебінде тарих және құқық пәндері мұғалімдерінің облыстық олимпиадасы өтті.

Білім беру ұйымдарындағы тарих және құқық пәндері мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, шығармашылықпен айналысатын мұғалімдерге қолдау көрсету, педагог кәсібінің беделін арттыру мақсатында өткен олимпиадаға аудандық, қалалық кезең жүлдегерлерінен барлығы 12 мұғалім қатысты.

Байқау соңында педагогтерге әдістемелік көмек көрсетілді.

Екі күнде де үздік танылғандар

қазылар алқасының шешімімен төмендегідей жүлделі орындарға ие болды:

І орын:

Сейниханова Айжан Сәлімқызы , Ақтау қаласы №13 гимназиясының тарих пәні мұғалімі;

Съезқызы Айдана, Маңғыстау ауданы Ә.Жангелдин атындағы ЖББМ құқық пәні мұғалімі

ІІ орын:

Сақтағанов Кадрхан Мұратұлы, Бейнеу ауданы Атамекен ЖББМ тарих пәні мұғалімі;

Қыдырбаева Жанаргүл Құрбангелдіқызы, Мұнайлы ауданы №15 ЖББМ құқық пәні мұғалімі

ІІІ орын:

Аманжолов Мейрамбек Аманжолұлы, Маңғыстау ауданы №7 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі;

Ғаниқызы Мадина, Ақтау қаласы №19 мектеп-гимназиясының құқық пәні мұғалімі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=