Орталық жаңалықтары

Тарих пәні мұғалімдерінің республикалық тәжірибелік конференциясы өтті.

Тарих пәні мұғалімдерінің республикалық тәжірибелік конференциясы өтті.

2023 жылдың 24-25 мамыр күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен, «Достық» үйінде «Мектептегі тарих пәні: Білім берудегі жаңаша тренд, рухани құндылық, тарихи сана» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің республикалық тәжірибелік конференциясы өтті.

Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, педагогтің оқу процесінде оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру мен кәсіби білім, білік, дағдыны дамыту, жалпы мәдени дамуын, оның тұлғалық көзқарасын және кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру мақсатында өткен конференцияға Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА өкілі, «НЗМ» ДББҰ, «Өрлеу» БАҰО басшылары, облыстық басқарма басшылары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, облыстың педагогтері, білім беру ұйымдарының басшылары, ардагер ұстаздар және республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 40-қа жуық қонақ, барлығы 500-ден аса адам қатысты.

Екі күнге созылған конференцияның бірінші күні мың бояулы Маңғыстаудың тарихи-мәдени орындарымен, өлкенің баға жетпес тарихи мұраларымен және ұлттық мәдени құндылықтарымен кеңінен танысты.

Ал, екінші күні «Ақпараттық жүйедегі жаңа технологиялар» атты көрмемен басталды. Көрмеде тарих пәнінің жаңашыл педагогтері тарих пәнін оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын көрсетті.

Конференция қатысушылары «Іс-тәжірибедегі зерттеу мен шығармашылық идеялар», «ХХІ ғасырдағы тарих пәнін оқытудың тиімді дағдыларын қалыптастыру» және «Оқу мен оқытудағы инновациялық шеберлік» тақырыптарында 3 секциялық отырыстарға бөлініп, озық тәжірибелерімен бөлісті.

Түстен кейін өткен пленарлық отырыста Маңғыстау облысының тарих пәні мұғалімдерінің атқарып жатқан қызметтері мен жетістіктері және «Тарих толқынындағы Маңғыстау» атты ақпараттық-мультимедиалық жинағы ұсынылды.

Шара соңында, спикерлерге Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА Алғыс хаты, сертификаты және Маңғыстау облысы білім басқармасының Алғыс хаты, сертификаты табысталды.

Алыстан келген қонақтарға ақ жол, шығармашылықтың биік шыңын тілейміз. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек? Егер Сіз балалар тарапына жасалған ...

2024 жылғы 13 қыркүйек күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ...

Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

2024 жылғы 10 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі балалары бар ұлтаралық ...

2024 жылғы 09 қыркүйек күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар мен мектепалды сыныптар ...

Бүгін, 4 қыркүйек күні Бірінші вице-министр Н.В.Жұмаділдаеваның ұйымдастыруымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен ағымдағы жылдың 3 ...