ҮШ КҮНДІК СЕМИНАР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
"МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУ: СТРАТЕГИЯДАН ПРАКТИКАҒА" семинарының үшінші күнінде "Сапаны бақылау және мектепішілік бақылау" тақырыбында Маңғыстау облысы бойынша білім саласындағы сапаны бақылау департаментінің қызметкерлері әдістемелік көмек көрсетті.
Әдістемелік көмек аясында "Білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі", "Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру", "Қазақстан Республикасының білім беру саласында басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер" тақырыптары қамтылды.
Сонымен қатар, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы тарапынан семинарға қатысушы педагогтердің сұранысы бойынша оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектепте клуб ашу, көмекші құрал ретінде жасанды интеллектпен жұмыс жасау жолдары практика жүзінде үйретілді.
Нысаналы мектептеп бойынша құрылған жобалық кеңсенің төрағасының орынбасары Ж.Жұмабаева, жауапты менторлар А.Мамаева, Ж.Молдажанова, Ш.Қиянова үш күн бойы қамтылған тақырыптар бойынша сұрақ-жауап әдісімен кері байланыс алды. Ментор әрі психолог Ғ.Қойтанова педагогтермен психологиялық тренинг өткізіп, сергіту сәттерін ұйымдастырды.
Семинар соңында қатысушыларға "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының сертификаты тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 ...
Бүгін, 28 тамызда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай білім беру ...
Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында мектепке дейінгі ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылғы 5 тамыздағы №227 нқ бұйрығына ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылғы 3 тамыздағы №226-нқ бұйрығына ...
Жиынға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген командалармен қатар, Әзірбайжан, ...
2026 жылғы 21 шілде күні «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі және бастауыш ...
Ағымдағы жылы облыстық сараптамалық кеңестің қарауына барлығы 125 жұмыс түсіп, ...
















__9854b3cda5ae36849dc3daf321818b95.jpeg)






