Республикалық іс-шаралар

«TurkicSkills 2025» І Халықаралық шеберлік чемпионаты өз мәресіне жетті

Ақтау қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «TurkicSkills-2025» І Халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті.

Чемпионатқа түркі әлемінің алты елі-Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Мажарстаннан (Венгрия) келген 43 қатысушы 10 түрлі құзыреттілік бойынша бақ сынап, өз елдерінің намысын қорғады.

Бес күн бойы өткен тартысты додада қатысушылар кәсіби шеберліктерін, техникалық білімдерін және заманауи технологияларды меңгеру деңгейін көрсетті.

Нәтижесінде үздік деп танылған мамандар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері аталды.

«Дәнекерлеу ісі» құзыреттілігі бойынша

Алтын медаль-Ильмурат Карим (Қазақстан),

Күміс медаль-Холиқұлов Жавохир (Өзбекстан),

Қола медаль-Жахид Гулахмадов (Әзербайжан).

«Бизнеске арналған ІТ-шешімдер» құзыреттілігі бойынша

Алтын медаль-Давид Хорват (Мажарстан),

Күміс медаль-Исмаил Молу Емре (Түркия).

«Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша

Алтын медаль-Арлан Талғат (Қазақстан),

Үздік медальон-Сайдумар Норкозиев (Өзбекстан).

«Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару операторы» құзыреттілігі бойынша

Алтын медаль-Дорук Дженгиз (Түркия),

Үздік медальон-Данил Дрижак (Қазақстан).

«Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша

Алтын медаль-Дінмұхаммед Тынышбай (Қазақстан),

Үздік медальон-Абдурахим Алтынбеков (Қырғызстан);

«Веб-әзірлеу» құзыреттілігі бойынша

Алтын медаль-Дьерфи Марсел (Мажарстан),

Күміс медаль-Әметов Тайыржан (Қазақстан),

Қола медаль-Эмиль Гусейнов (Әзербайжан);

«Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша

Алтын медаль-Эльдар Омушев (Қырғызстан),

Күміс медаль-Алтынбек Аманғали (Қазақстан),

Қола медаль-Мелике Нур Унсал (Түркия).

«Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша

Алтын медаль-Жансая Абдуллаева (Қазақстан),

Күміс медаль-Жырғалбаева Нұржамал (Қырғызстан).

«Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша

Алтын медаль-Зере Шәкен (Қазақстан),

Күміс медаль-Арсений Пизан (Қырғызстан).

«Жеңіл автокөліктерге қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша

Алтын медаль-Бенс Танчош (Мажарстан) және Артем Кузнецов (Қазақстан),

Қола медаль-Лале Эмир Тугра (Түркия).

Чемпионат барысында қатысушылар тәжірибе алмасып қана қоймай, кәсіби бағыттағы жаңа серіктестік байланыстар орнатты.

Сонымен қатар, Қазақстанның жетекші колледждері мен шетелдік кәсіпорындар арасында меморандумдарға қол қойылып, техникалық және кәсіптік білім беру саласында өзара ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған маңызды қадамдар жасалды.

«TurkicSkills 2025» чемпионаты түркі елдерінің кәсіби білім мен инновация саласындағы бірлігін нығайтып, халықаралық деңгейдегі шеберлік алаңына айналды.

#turkicskills1025

#behindtheskillturkicskills2025

#turkicskills2025

#turkicskillsmangystau 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Маңғыстау облысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ...

Бүгін, 21 қазан күні, «Жұмысшы мамандықтар жылын жүзеге асыруға арналған ...

Ақтау қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «TurkicSkills-2025» І Халықаралық кәсіби ...

Бүгін Ақтау қаласында өтіп жатқан TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік ...

Ақтауда TurkicSkills 2025 халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды Жұмысшы ...

"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...

2025 жылдың 23 сәуір күні Маңғыстау облыстық білім басқармасының 21.04.2025 жылғы №99-нқ ...

2025 жылдың 27-28 наурыз күндері білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...