Республикалық іс-шаралар

«Оқуға құштар мектеп» жобасы – құндылыққа негізделген білім берудің басты жолы» тақырыбында республикалық вебинар өтті.

Республикалық вебинар өтті.

2023 жылғы 18 мамыр күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы – құндылыққа негізделген білім берудің басты жолы» тақырыбында республикалық вебинар өтті.

Педагогтер мен мектеп кітапханашыларының «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру бағытындағы әдістемелік және шығармашылық ізденісін жетілдіру, шеберлігін шыңдау, озық іс-тәжірибелерімен бөлісу және тарату мақсатын көздеген бұл шараға республиканың түкпір-түкпірінен мектеп директорлары, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мектеп кітапханашылары, пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері, барлығы 100 адам қатысты.

Республиканың әр өңірінен вебинарға қатысу үшін алдын ала жолданған 21 жұмыстың ішінен 9-ы таңдалып алынып, мамандар аталмыш шарада өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтсақ:

Қарақия ауданы, №9 бастауыш мектебінің директоры Г. Ибраева «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруда «Команда құр! 20 минут кітап оқы!» жобасының тиімділігі»;

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Әлия Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л. Кусаинова «Жобалар негізінде оқушылардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру»;

Түркістан облысы, Түркістан қаласы, білім беруді дамыту орталығының әдіскері А.Темрбаева «KitapХан@» кітап оқу жарыс-жобасының тиімділігі мен маңыздылығы»;

Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, №12 жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы С. Ракишева «Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыруға арналған инновациялық әдіс-тәсілдер»;

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының кітапханашысы А. Бекбосинова «Бір бірлестік. Бір кітап. Бір сахна» жобасының тиімділігі»;

Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Г. Тойланбаева «Дара сынып» жобасының ерекшелігі»;

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің Жарсу мектебінің кітапханашысы Г.Мамиева «Әдебиет әлеміне – автор көзімен»;

Абай облысы, Семей қаласы, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы кітапханашысы Д. Сакаева «Кітап оқу – рухани әлемге бастар жол»;

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің кітапхана ісі меңгерушісі Танысхожаева Гулбайра Беделханқызы «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруда TED-x әдісін тиімді қолдану» тақырыптарында баяндамалар жасап, шебер сыныптар көрсетті.

Вебинарда «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыруда көпшілікке ұсынылған жұмыстар бір-біріне ұқсамайтын, тың тақырыптарды, тың әдіс-тәсілдерді қамтыды.

Вебинар соңында қатысушылар спикерлерге сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Бүгін, ағымдағы жылғы 30 сәуір күні «Worldskills стандарттары негізінде кәсіби дағдыларды қалыптастырудың үздік тәжірибелері» тақырыбында ...

Бүгін, 25 тамыз күні Ақтау қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында білім қызметкерлерінің республикалық бірыңғай «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, ...

Бүгін, 24 тамыз күні білім қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты республикалық тамыз кеңесі ...

Тарих пәні мұғалімдерінің республикалық тәжірибелік конференциясы өтті. 2023 жылдың 24-25 мамыр күндері Білім берудің оқу-әдістемелік ...

Республикалық вебинар өтті. 2023 жылғы 18 мамыр күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» ...

2023 жылдың 27 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын ...

Бүгін Маңғыстау облысының білім басқармасының 28.02.2022 жылғы №31-нқ бұйрығы негізінде облыстық білім берудің оқу - әдістемелік орталығының ...