Республикалық іс-шаралар

«Тілдерді оқыту: инновациялық әдістер мен тәжірибе» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

2023 жылдың 27 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндері мұғалімдеріне арналған «Тілдерді оқыту: инновациялық әдістер мен тәжірибе» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция онлайн өтті.

Тілдерді оқытудың әдістемесін жетілдіру, озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын озық тәжірибелер арқылы көрсету, педагогтерге тәжірибелік-әдістемелік қолдау мақсатында өткен конференцияға 300-ден аса педагог қатысты.

Конференцияны Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызы жүргізді.

Конференцияның пленарлық отырысында Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА бас ғалыми қызметкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Булатбаева Кульжанат Нурумжановна, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасының оқытушысы, магистр Спатаева Салтанат, Педагогика ғылымдарының магистрі, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты Жаратылыстану және  гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Мамутова Гулдарига Туремуратовна, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Ақтау қаласындағы филиалы Педагогикалық шеберлік орталығының менеджері Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы, Абай облысы білім басқармасы Жарма ауданы бойынша білім бөлімінің Маяковский атындағы орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Таңатарова Назерке Канатбековна өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тақырыптың өзектілігі мен ғылымилығына баса назар аударды.

Конференцияның 2 бөлімінде 3 сессия залына бөлініп, республика бойынша 25 мұғалім өз жұмыстарын көрсетті. Атап айтқанда, «Үздіктен үйрен» секциялық отырысында «Үздік педагог» байқауы жеңімпаздары мен жаңашыл педагогтердің  іс-тәжірибесі, «Жаңа инновациялық әдістер тиімділігі» секциялық отырысында ақпараттық – технологияның мүмкіндіктері және оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру, «Жаңа заманға – жаңашыл педагог» секциялық отырысында жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздардың тәжірибесінен алынып, жаңашылдық пен зерттеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылды.

Конференцияға қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, спикерлерге және ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, Google формасы арқылы кері байланыс жасады.

Барлық қатысқан спикерлер Маңғыстау облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

 

title=title=title=title=title=title=title=title=


Бүгін, ағымдағы жылғы 30 сәуір күні «Worldskills стандарттары негізінде кәсіби дағдыларды қалыптастырудың үздік тәжірибелері» тақырыбында ...

Бүгін, 25 тамыз күні Ақтау қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында білім қызметкерлерінің республикалық бірыңғай «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, ...

Бүгін, 24 тамыз күні білім қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты республикалық тамыз кеңесі ...

Тарих пәні мұғалімдерінің республикалық тәжірибелік конференциясы өтті. 2023 жылдың 24-25 мамыр күндері Білім берудің оқу-әдістемелік ...

Республикалық вебинар өтті. 2023 жылғы 18 мамыр күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» ...

2023 жылдың 27 сәуір күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын ...

Бүгін Маңғыстау облысының білім басқармасының 28.02.2022 жылғы №31-нқ бұйрығы негізінде облыстық білім берудің оқу - әдістемелік орталығының ...