Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
♻️2024 жылдың 24 қазан күні Ақтау қаласының директорларына, әдіскерлеріне, ...
2024 жылдың 23 қазан күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы, Ата-аналарды ...
2024 жылдың 22 қазан күні “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы, Ата-аналарды ...
ҚР колледждерінің студенттері арасындағы республикалық «Мен – кәсіпкермін» ...
2024 жылдың 21 қазан күні Қарақия ауданындағы білім беру ұйымдарындағы директорлар, ...
2024 жылдың 21 қазан күні Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісі ...
«Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі Маңғыстау облысының білім ...
Ағымдағы жылдың 21-24 қазан күндері “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын, Ата-аналарды ...
18.10.2024 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім ...
Ағымдағы жылдың 18 қазан күні білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңес ...