Ауыл ұстазы – ел абыройы
Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.
Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.
Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз.
2024 жылдың 17 мамыр күні мектепке дейінгі мобильді топтың іс-шаралар жоспарына ...
Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...
«Мемлекеттік рәміздер-киелі құндылығымыз» облыстық үздік сабақ байқауының ...
Бүгін, 16 мамыр күні Астана қаласында «Инклюзивті және арнайы білім беру ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...
2024 жылдың 15 мамыр күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының облыстық педагог – психологтер ...
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене ...
2024 жылғы 13 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспары ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...