Орталық жаңалықтары

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 26 қараша күні «Есірткісіз болашақ» облыстық байқауы қашықтан өтті. Қоғамға пайда келтіретін, дені сау, салауатты, жаны таза, болашаққа нық сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткен байқауға жалпы білім беру ұйымдары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты. Қатысушылар «Есірткі – ғасыр тажалы» және «Мен өмірді қалаймын!» сахналық қойылымдар номинациялары бойынша бақтарын сынады.

Қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалап, қорытындысында төмендегідей жүлделі орындар тағайындалды.

«Есірткі – ғасыр тажалы» сурет салу номинациясы бойынша:

І орын – Қанат Жадыра, Маңғыстау ауданы Жармыш жалпы білім беретін мектебі;

ІІ орын – Құрманғазиев Мәди, Жаңаөзен қаласы №8 жалпы білім беретін мектебі;

ІІІ орын - Сәркен Салтанат, Түпқараған ауданы С. Шапағатов мектеп-гимназиясы;

ІІІ орын – Мәдениет ӘСел, Қарақия ауданы №1 жалпы білім беретін мектебі.

«Мен өмірді қалаймын!» сахналық қойылымдар байқауы бойынша:

І орын – «Маршал маржандары» тобы, Түпқараған ауданы М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназия;

ІІ орын – «Сәду шамшырақтары» тобы, Маңғыстау ауданы С. Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат;

ІІІ орын – «Жарқын болашақ» тобы, Қарақия ауданы №5 жалпы білім беретін мектеп;

ІІІ орын – «Болашақ жастары» тобы, Жаңаөзен қаласы №14 жалпы білім беретін мектеп.

Жеңімпаздар орталықтың арнайы дипломдарымен марапатталады. Қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз! 



2024 жылдың 23 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...

Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...

Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...

Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...

ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...