Орталық жаңалықтары

Сүйінші жаңалық!

Сүйінші жаңалық!

Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық байқауларда 3 бірдей маңғыстаулық қатысушының қанжығасы майланды!

Үстіміздегі жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан халқының барлық жастағы этнос өкілдері арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясына елімізден 30 өзге ұлт өкілінен тұратын 171 адам қатысты. Қатысушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан жатқа мәнерлеп үзінді оқып, бейнематериалды әлеуметтік желіде (facebook) #менқазақшасөйлеймін2022 хештегімен жариялады.

Акция жеңімпаздары бейнематериал астындағы «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталып, Маңғыстаудан екі бірдей этнос өкілі жеңімпаз атанды. Оның бірі – Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Гасангусейнова Виктория (ұлты рутул) бас жүлдені, ал Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беретін мектептің 7 Ғ сынып оқушысы Халиулина Ұлболсын (жетекшісі: Эсетова Қазына) І орынды иеленді.

Ал бүгін Қарағанды қаласы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен республикалық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауына еліміздің түпкір-түпкірінен медицина саласы қызметкерлері мен медицина колледжі студенттерінен 17 өзге ұлт өкілі қатысты. Өлкеміздің намысын қорғаған 16 жасар ең жас қатысушы Маңғыстау облыстық медициналық жоғарғы колледжінің І курс студенті Асадбек Турсынбаев (жетекшісі: Ғайнижамал Түменбаева) 50 мың теңгелік ынталандыру сыйлығына ие болды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

title=title=title=title=title=


2024 жылдың 23 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...

Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...

Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...

Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...

ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...