Орталық жаңалықтары

Республикалық жетістік!

«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауының облыстық кезеңінде Мұнайлы ауданы, №6 «Өркен» бөбекжайының әдіскері Реева Тұрсынай Жүсіпбайқызы жүлделі І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын.

Міне, бүгін сол еңбектің жемісі мен кәсіби шеберліктің тағы бір дәлелі — республикалық байқаудың қорытынды кезеңінде ІІІ орынға ие болды!

Бұл — тынымсыз еңбектің, ізденістің, кәсіби біліктіліктің және мектепке дейінгі білім беру саласына деген адалдықтың жемісі. Тұрсынай Жүсіпбайқызын осынау айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбегіңіз еленіп, мерейіңіз үстем болсын! Білім беру саласындағы бастамаларыңызға сәттілік, шығармашылық шабыт, толағай табыс тілейміз! Әрдайым биіктен көрініп, абыройыңыз асқақтай берсін!  

title=


Ағымдағы жылдың 18 қазан күні білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңес ...

Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы ...

Ағымдағы жылдың 7-18 қазан аралығында "Отпан" жобасы аясында "Педагогикалық ...

Бүгін, 2024 жылғы 14 қазан күні Ақтау қаласындағы «Оқушылар сарайында» техникалық ...

Мұғалімдер күні мерекесімен қабат жеткен сүйінші хабар! Республикалық ...

Бүгін, 5 қазанда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мұғалімдер күніне орай ...

Республикалық «Үздік сынып жетекші - 2024» байқауында Маңғыстау облысынан ...

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан ...

Бүгін, 2024 жылғы 27 қыркүйек күні ТжКОБ ұйымдарында оқыту қазақ тілінде ...