«Үміт» шығармашылық өнер фестивалі өтті.
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 13 желтоқсан күні ерекше білім беруді қажет ететін 3-6 жастағы мектепке дейінгі балалар арасында «Үміт» шығармашылық өнер фестивалі өтті.
Фестиваль ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, әлеуметтендіру, шығармашыл, дарынды балаларды анықтауға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Сырттай өткізілген облыстық шараға аудан, қалалардағы балабақшалар мен арнайы балабақшалардан би билеу номинациясы бойынша 8 жұмыс, вокалдық орындау бойынша 10 жұмыс және еркін тақырыпта сурет салу бойынша 33 жұмыс қаралып, барлығы 94 бала қамтылды.
Ерекше білім беруді қажет ететін 3-6 жастағы мектепке дейінгі балалар арасындағы «Үміт» шығармашылық өнер фестивалінің облыстық кезеңінде өнер көрсеткен әр балаға 20 000 теңгелік cертификаттар табысталды.
2021 жылдың 23 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...
Математика пәні мұғалімдерінің қауымдастығының жоспарына сәйкес 20.09.2021ж күні ...
Пермь университетінде атыс салдарынан қаза болғандардың туыстары мен ...
2021 жылдың 18 қыркүйек күні PIRLS-2021 халықаралық зерттеуіне дайындық жұмысын ...
Бүгін, 17 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесі ...
«Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы»-ның Мектепке дейінгі тәрбие мен ...
2021жылы 16 қыркүйек күні Маңғыстау облысының білім басқармасының ...
2021 жылдың 15 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының арнайы және ...
Қазақстан Республикасының атынан әр өңірдің 5 студенті, оның ішінде Маңғыстау ...
Бүгін, «Достық үйі» ғимаратының залында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ...