Орталық жаңалықтары

Ауыл ұстазы – ел абыройы

Астана қаласында Ұстаздар күні қарсаңында өткен шарада Бейнеу ауданының Опорный жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі, шебер педагог Жиенбетова Қарқара Кенесарықызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Бұл жоғары марапат – ауыл ұстазының табанды еңбегіне, өскелең ұрпаққа деген шынайы жанашырлығына көрсетілген құрмет.

Атаулы марапатты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.

Қарқара Кенесарықызы 38 жыл еңбек жолында мыңдаған шәкіртке сапалы білім беріп қана қоймай, жас мамандарға тәлімгерлік жасап, ұстаздық жолдың абыройы мен жауапкершілігін терең ұғындырып келеді.

Ауыл мектебінде үздіксіз еңбек етіп, саналы ғұмырын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнаған ұстазды марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, шығармашылық табыс тілейміз. 

title=title=title=


2020 жылы 19 тамыз күні  облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...

2020 жылы 18 тамыз күні  облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...

2020 жылы 18 тамыз күні  облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...

2020 жылы 18 тамыз күні  облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...

2020 жылы 17 тамыз күні  облыстық оқу-әдістемелік және қосымша білім беру ...

ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТЕР!Сіздерді Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік ...

Құрметті әріптестер!Сіздерді «Табиғатпен үйлесімді өмір сүр» атты ...

ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТЕР!Сіздерді «Кітапхана калейдоскоп» атты республикалық ...

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ...

Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан (онлайн) өтетін ...