Орталық жаңалықтары

«Баланы еркін дамытудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында вебинар өтті.

2024 жылғы 19 қаңтар күні Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі ұйымдар мобильді тобының жоспары бойынша «Баланы еркін дамытудың инновациялық тәсілдері» тақырыбында вебинар өтті.

Тәрбиелеу мен білім беру процесінде балаларды еркін дамытудың инновациялық технологиялары мен элементтерін пайдалана отырып жан-жақты білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған вебинарға мобильді топ жетекшілері, мүшелері және аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталықтары әдіскерлері қатысты.

Вебинар барысында педагогтер өз тәжірибелерінен слайдтар көрсете отырып, баланы еркін дамытудың инновациялық тәсілдері мен заттық-дамытушы ортаны жасақтаудың қолжетімді жолдарымен бөлісті.

Куанова Гулбаршын Андрейқызы, Жаңаөзен қаласы, №12 «Рахат» бөбекжайы тәрбиешісі «Менің қызықты әлемім» шебер-сыныбы

Иманбаева Кұндыз Изкенқызы, Жаңаөзен қаласы, №11 «Тенге» бөбекжайының тәрбиешісі «Театрланған қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту»

Шабарова Манар Волгабайқызы, Қарақия ауданы, «Балауса» бөбекжайдың тәрбиеші «Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын технологиясы арқылы сөйлеу тілін дамыту»

Каракулова Асылкан Саядқызы, Ақтау қаласы, «№33 «Әлия» бөбекжайының бейнелеу пәні маманы «Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін еркін шыңдау»

Вебинарларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылып, кері байланыс жасады. 

title=title=title=title=title=title=


Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру ...

Мақсаты: “Прокурор бақылау/Прокурор тәрбиесі” пилоттық жобасы аясында ...

2024 жылдың 31 қаңтары күні Маңғыстау облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдері ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

2024 жылғы 31 қаңтар күні Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының ...

Бүгін, 30 қаңтар күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған ...

Ағымдағы жылдың 26 қаңтар күні Қарақия ауданы, Жетібай оқушылар шығармашылық ...

2024 жылдың 25 қаңтарында орта білім беру ұйымдарында «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен ...

Бүгін, 2024 жылғы 24 қаңтар күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...