Орталық жаңалықтары

«Бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру жолындағы әдістер мен тәсілдер» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне облыстық семинар өтті

2023 жылғы 30 қараша күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласы, «IntellektUm” мектеп-лицейінде «Бастауыш сынып оқушыларының  негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру жолындағы  әдістер мен тәсілдер» тақырыбында бастауыш сынып  мұғалімдеріне облыстық семинар өтті. Семинарға аудан, қаладан  80 мұғалім қатысты.

Облыстық семинарда:

Жуманова Гулия Майрамбаевна, педагог-сарапшы,Мұнайлы ауданы, №7 жббм бастауыш сынып мұғалімі «Оқу сауаттылығына байланысты тиімді әдіс-тәсілдерді түрлендіру» тақырыбында;

Нурбергенова Жанар Мендібайқызы,Темірханова Ақерке Темірханқызы, Орақова Ақмарал Ғарифоллақызы Маңғыстау ауданы, №7 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімдер «Мәтінмен жұмыс жасауда «Даму шеңбері» әдісінің тиімділігі» тақырыбында;

Тұрсынбаева Диляра Ғалымжанқызы, педагог-сарапшы, Ақтау қаласы, №30 жббм бастауыш сынып мұғалімі «1-4 сынып оқушыларының  мәтінді түсіну  дағдыларын  қалыптастыру» тақырыбында;

Аққұлова Майра Бекболатқызы, педагог - сарапшы, Мұнайлы ауданы, №10 ЖББМ бастауыш сынып мұғалімі «Бастауыш сыныптарда интербелсенді оқыту әдісі» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізді.

Семинар соңында кері байланыс жасалып,сауалнама алынды.Қатысушылар ұйымдастырушылар мен спикерлерге ризашылықтарын білдірді.

 

title=title=title=


Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...

Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...

Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...

Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...

ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...