Орталық жаңалықтары

«ПЕДАГОГ'S DIGEST MEETING» атты облыстық шара өтті.

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «ПЕДАГОГ'S DIGEST MEETING» атты облыстық шара өтті.

Білім беру ұйымдарында ұрпақ тәрбиесі үшін атқарылып жүрген және тәжірибеден өткен игі істерді көрсету, өзге білім беру ұйымдарымен тәжірибе алмасу мақсатында өткен шараға аудандық, қалалық оқу-әдістемелік орталығының директорлары мен әдіскерлері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, барлығы 80-ге жуық педагог қатысты.

Спикерлер TED-х форматында сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.

Мұнайлы аудандық оқу-әдістемелік орталығының директоры Жасақова Рахат Нығметқызы «Педагогтің кәсіби тұрғыда дамуына сенімге негізделген жобалардың ықпалы»;

Ағылшын тілі пәні қауымдастығының жетекшісі Майлыбаева Гүлсім «Педагогтің өз білімін жетілдіруі және өзін-өзі дамытуы – кәсіби шеберлігіне бастар жол»;

Каспий жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінің басшысы Қалдаманов Исенбай Әбиұлы «Жетістік баспалдағы: биік рух, ерен еңбек, адал қызмет»;

Жаңаөзен қаласы білім-инновация лицейінің математика пәні мұғалімі Жаппар Қуаныш Жақсылықұлы «Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жасанды интеллект құралдарын қолдану»;

Ақтау қаласы №30 жалпы беретін мектептің физика пәні мұғалімі Бакаев Альбек Талғатұлы «Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін мектеп базасында клуб ашу»;

Мұнайлы ауданы, №6 жалпы беретін мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары Каракулов Сардарбек Рахметуллаұлы «Жаңғыру бағытындағы білім мен тәрбие»;

Ақтау қаласы «Айшуақ» санаторлық бөбекжайдың директоры Жүгінісова Әсел Жексенбайқызы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымында жаңашыл басшының имиджін қалыптастыру жолдары».

Шара барысында жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, жақсы көрсеткіш көрсеткен педагогтер Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар ұстаздар ән-жырдан шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Педагогтердің қорытынды кездесуі өз дәрежесінде мақсатына жетті. 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Маңғыстау облысы білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева бастаған білім ...

Бүгін, 21 тамыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

Бүгін Маңғыстау облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында облыс ...

Бүгін, білім беру қызметкерлерінің Тамыз кеңесі аясында облыстың білім беру ...

Биылғы жылы 1 383 робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндік ...

ҚР Премьер-Министрінің 2024 жылғы 9 шілдедегі №21 және 2024 жылғы 11 шілдедегі н/ж ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 12 тамыз ...

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, қосымша, арнайы, техникалық және ...